From Wikipedia, the free encyclopedia
Ақжайық ауданы — Батыс Қазақстан облысының орталық бөлігіндегі әкімшілік бірлік. 1997 жылға дейін "Чапаев ауданы" деп аталып, Тайпақ ауданымен біріккен кезде қазіргі атауы берілді.[4] Жерінің аумағы 25,7 мың км2. Орталығы — Чапаев ауылы.
Қазақстан ауданы | |
Ақжайық ауданы | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Облысы | |
Аудан орталығы | |
Ауылдық округтер саны |
18 |
Ауыл саны |
45 |
Әкімі |
Мұрат Амангелдіұлы Сердалин |
Аудан әкімдігінің мекенжайы |
Чапаев ауылы, Қонаев көшесі, №70 |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары |
49°42′50″ с. е. 51°39′43″ ш. б.49.71389° с. е. 51.66194° ш. б. (G) (O) (Я) |
Құрылған уақыты |
1928 |
Жер аумағы |
25 716[1] км² |
Уақыт белдеуі | |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
▼ 36 037 адам (2023) |
Тығыздығы |
1,8 адам/км² |
Ұлттық құрамы |
қазақтар (95,93%), орыстар (3,31%), татарлар (0,28%), басқалары (0,48%)[2] |
Сандық идентификаторлары | |
Пошта индексі |
090100- 090120[3] |
Автомобиль коды |
07 |
Аудан батысында облыстың Жаңақала, Казталов, солтүстігінде Тасқала, Бәйтерек, Теректі, шығысында Сырым, Қаратөбе және Атырау облысының Қызылқоға аудандарымен, оңтүстігінде Атырау облысының Индер ауданымен шектеседі.
Аудан Каспий маңы ойпатының солтүстік бөлігін алып жатыр. Климаты аса құбылмалы. Орташа ауа температурасы қаңтарда — 13-14°С, шілдеде 23-24°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 200-250 мм. Ақжайық ауданының жерін Жайық өзені жарып ағады.
Ақжайық ауданы 1928 жылы Ілбішін ауданы болып құрылды. 1939 жылы Чапаев ауданы болып өзгертілді. 1997 жылы 7 мамырда таратылған Тайпақ ауданының аумағы қосылып, Ақжайық ауданы болып қайта аталды.
Ақжайық ауданы 1977 жылы 15 ақпанда Чапаев, Тайпақ аудандарының бір бөлігінен құрылды. Орталығы Ақжайық ауылы болды. Халқы — 21868 адам (1979). 1986 жылғы мәлімет бойынша ауданның 9 ауылдық кеңесі болды (Ақжайық, Аңқаты, Восход, Еңбек, Есенсай, Қурайлысай, Октябрь, Фурманов, Шағатай).[5] 1988 жылы Ақжайық ауданы таратылып, ауылдық кеңестері Чапаев және Тайпақ аудандарына қосылды. 1992 жылы 6 шілдеде Чапаев ауданының шығыс бөлігінен қайтадан құрылды. 1997 жылы 7 мамырда қайта таратылып, аумағы түгелдей Теректі ауданына қосылды.[6]
Ақжайық ауданының жері шөлейтті белдемге жатады. Топырағы негізінен қызғылт қоңыр, сортаң болып келеді. Өсімдіктерден: селеу, бетеге, еркек шөп, көкпек, жусан т.б. өседі. Жануарлардан: негізінен қасқыр, шиебөрі, түлкі, суыр, бөкен, елік, жабайы шошқа, құстан: қаршыға, құр, үкі, қаз, үйрек, тырна т.б. мекендейді.
Ауданда май және нан зауыттары, тұрмыс қажетін өтеу комбинаты, жол жөндеу учаскесі, астық қабылдау пункті, тамақ комбинаты, орман шаруашылық кәсіпорны жұмыс істейді. Ауыл шаруашылық жерінің ауданы 12,8 мың га (1997), оның ішінде егістік — 14%, шабындық — 11%, жайылым — 72%. Суармалы дәнді дақылдар, картоп, көкөніс және бақша дақылдарын өсіру дамыған. Аудан тұрғындары мүйізді ірі қара, қой, ешкі, шошқа, жылқы, түйе өсірумен айналысады. Аудан жері арқылы Орал — Атырау, Чапаев — Жаңақала, Чапаев — Фурманов автомобиль жолы өтеді. Музыка, спорт мектебі, кәсіптік-техника учильище, кітапханалар, мәдениет үйлері, кинотеатрлар, аурухана т.б. бар. 1931 жылдан қазақ, орыс тілдерінде аудандық “Еңбек”, “Труд” газеттері шығады.
Тұрғыны 40574 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар (95,76%), орыстар (3,42%), басқалары (0,82%). Тұрғындарының орташа тығыздығы 1 км2-ге 1,8 адамнан келеді.[9]
2023 жылдың қаңтарында тұрғындар саны 36073 адамды (18390 ер адам және 17647 әйел адам) құрады.[10]
Аудандағы 45 елді мекен 18 ауылдық округке біріктірілген:
Әкімшілік бірлік | Орталығы | Елді мекендері | Халқы (2021) |
---|---|---|---|
Ақжол ауылдық округі | Ілбішін ауылы | 4 | ▼2139 |
Ақсуат ауылдық округі | Ақсуат ауылы | 2 | ▼763 |
Алғабас ауылдық округі | Алғабас ауылы | 5 | ▼1756 |
Алмалы ауылдық округі | Алмалы ауылы | 2 | ▼1847 |
Базартөбе ауылдық округі | Базартөбе ауылы | 3 | ▼1303 |
Базаршолан ауылдық округі | Базаршолан ауылы | 3 | ▼1354 |
Бударин ауылдық округі | Бударин ауылы | 3 | ▼1545 |
Есенсай ауылдық округі | Есенсай ауылы | 3 | ▼1563 |
Жамбыл ауылдық округі | Жамбыл ауылы | 3 | ▼744 |
Жаңабұлақ ауылдық округі | Жаңабұлақ ауылы | 1 | ▼1075 |
Көнеккеткен ауылдық округі | Көнеккеткен ауылы | 2 | ▼953 |
Қабыршақты ауылдық округі | Қабыршақты ауылы | 1 | ▼918 |
Қарауылтөбе ауылдық округі | Қарауылтөбе ауылы | 1 | ▼1376 |
Қурайлысай ауылдық округі | Жұбан Молдағалиев ауылы | 2 | ▼1366 |
Мерген ауылдық округі | Мерген ауылы | 3 | ▼1224 |
Сарытоғай ауылдық округі | Жанама ауылы | 2 | ▼941 |
Тайпақ ауылдық округі | Тайпақ ауылы | 3 | ▼5131 |
Чапаев ауылдық округі | Чапаев ауылы | 2 | ▲10201 |
Атауы | Статусы | Халқы (2021) |
---|---|---|
Чапаев | ауыл | ▲ 9642 |
Тайпақ (Калмыково) | ауыл | ▼ 4243 |
Қарауылтөбе | ауыл | ▼ 1376 |
Ілбішін | ауыл | ▼ 1356 |
Алмалы (Котельниково) | ауыл | ▼ 1272 |
Бударин | ауыл | ▼ 1240 |
Базаршолан | ауыл | ▼ 1197 |
Жаңабұлақ (Кожехарово) | ауыл | ▼ 1075 |
Есенсай | ауыл | ▼ 1048 |
Алғабас (Верховологино) | ауыл | ▼ 1030 |
Қабыршақты (Первомай) | ауыл | ▼ 918 |
Мерген | ауыл | ▼ 913 |
Базартөбе | ауыл | ▼ 885 |
Ж. Молдағалиев (Қурайлысай) | ауыл | ▼ 857 |
Жанама | ауыл | ▼ 760 |
Көнеккеткен | ауыл | ▼ 758 |
Ақсуат (Батурино) | ауыл | ▼ 639 |
Шабдаржап (Харькино) | ауыл | ▼ 623 |
Атамекен (Антоново) | ауыл | ▼ 575 |
Жайық (Феофаново) | ауыл | ▼ 559 |
Сайқұдық | ауыл | ▼ 509 |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.